Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі 12.01.2024 » НШ Алтын Арық
Zhambyl region
Меркі ауданы білім бөлімінің
"Алтын Арық бастауыш мектебі"
Education Department of Kordai district
Reception room :
+7(72636) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72636) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » » Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі 12.01.2024
12
January
2024

Тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісі 12.01.2024



 Алтын арық бастауыш мектебіндегі білім алушылардың тамақтану сапасына бағалау жөніндегі бракераж комиссия мүшелері асханаға рейд жүргізді.Комиссия мүшелері рейд барысында тамақтану сапасына мониторинг жүргізу актісін жасады.
Мектепте 27 білім алушылар тегін екі кезеңмен кезектесіп тамақтанады.
Мектепте асхана ертеңгі сағат 08.00-ден бастап 11.30-ға дейін жұмыс істейді.Бірінші кезеңде сағ 09:35-09:50 сағат аралығында 1-ші және 4-ші сынып оқушылары,ал 15:35-15:50 сағат аралығында2-ші және 3-ші сынып оқушылары тамақтанады.
    Асхананың санитарлық жағдайы талапқа сай.Тазалық толық сақталған.Дайын өнім сапасы дұрыс.Тексеріс барысында тағамдардың салмағы нормаға сай,тағамдардың үлес салмағы дұрыс сақталған,құрамында ассортиментте   білім бөлімінің бекітілген айлық ас мәзіріне сәйкес.
    Аспазшы А.Бидасбаеваның денсаулығы күнделікті тексеріледі,сыртқы киім үлгісі барлық талапқа сай,медтексеруден өткен,мерзімі жарамды.
Ыдыстар толық жеткілікті,ыдыстарды жууға толық жағдай жасалынған.Көкөністерге,шикізаттарға арнай сөрелер жасалған,жазу таңбалары қойылған.Тамақтың тәулік сынамасы алынған,арнайы шиша ыдыстарда сақталған.Шикізаттар мен жеткізілген азық-түліктің сапасы жақсы,мерзімдері өтілмеген. 
Сонымен қатар балалардың тұтуына рұқсат етілмейтін тағамдарды (чипсы,газдалған су,энергетикалық сусындар,құрамында консерванттар бар тағамдар) сатуға жол берілмейді.