
Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие арқылы жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілікке бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Ұстаздар мерекесіне орай үлкен де, кіші де әр ұстаздың сіңірген еңбегі мен білімі, қамқорлығы үшін ризашылығын білдіреді. Сондай ризашылықтарын Алтын-арық бастауыш мектебінің шәкірттері де ұстаздарына арнаған өлең жолдары мен әндерімен білдірді.