Мектепішілік бұйрық 04.10.2023 жылы
Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімінің «Алтын арық бастауыш мектебі» отдела образования Кордайского района
Бұйрық № 13
Алтын арық ауылы 04 қазан 2023 жылы
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы»
жұмысын ұйымдастыру,қызметін жүзеге асыру туралы
«Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасы Меркі ауданының білім бөлімі» отдела образования Кордайского районанің 2023 жылғы 04 қазандағы №431 бұйрығына сәйкес «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» жұмысын ұйымдастыру, қызметін жүзеге асыру туралы
БҰЙЫРАМЫН:
- Жамбылская область әкімдігінің білім басқармасының Меркі ауданы білім бөлімінің Алтын арық бастауыш мектебінің жанынан «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталықтары құрылсын.
- Мектепте «Адамның үйлесімді дамуы ұлттық институты» Ке АҚ Ғылыми-әдістемелік Кеңесінің 2023 жылғы 15 тамыз №4 хаттамасымен бекітілген (20.09.2023 жылғы №01-02/288 хат) «Орта білім беру ұйымдарындағы балаларды тәрбиелеу мен дамыту жөніндегі ата-аналарға педагогикалық қолдау бойынша әдістемелік ұсынымдарды» және Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша нұсқаулықты басшылыққа ала отырып «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығының қызметі ұйымдастырылсын.
- Мектепте басшысына төмендегі функционалды міндеттермен қоса мектептің ішкі тәртібі бекітілсін:
- Мектепте орталықтың жұмысының жүргізілу барысы, басшылық жасау және бақылау мектеп меңгерушісіне жүктелсін;
- Әдістемелік бірлестік жетекшісі Н.Акылбековаға: ата-аналар, білім алушылар мен педагогтердің мониторингке қатысуын қамтамасыз ету; Орталық қызметі туралы ақпаратты жоғары уәкілетті органдарға уақытылы жеткізу жүктелсін;
- Мектеп меңгерушісі Г.Танатоваға : Орталық қызметін ұйымдастыруда оқу кабинеттерін педагогтерге бекіту, ата-аналармен сабақ өтуі үшін қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету, техникалық қызметкерлердің жауапкершілігін күшейту, сабақ өтуі барысында санитарлық-гигиеналық талаптар мен мектепке бөгде адамдардың кірмеуін қамтамасыз ету жүктелсін;
- Бастауыш сынып мұғалімі Н.Малимбаеваға: педагогтер мен сынып жетекшілерге ата-аналармен сабақ өтуге қажетті әдебиеттермен қамтамасыз ету жүктелсін.
- Біліктілікті арттыру курстарынан өткен және шығармашыл педагогтер арасынан Орталық қызметін қамтамасыз ететін жұмыс тобы құрылып, құрамы бекітілсін.
- 2023-2024 оқу жылына Орталық сабақтарының Бағдарламасы вариативті компонентті таңдау мүмкіндігімен және ата-аналарға сабақ беру бағдарламасының 20-30% әзірлемесі құрастырылып, контенттің мазмұнын сапалы құрылсын, меңгеруші жанындағы кеңес отырысында бекітілсін.
- Орталық жұмысы мектептің тәрбие жоспарына «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы» қызметі негізінде мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі» жаңа бағыты енгізілсін.
4.Орталық қызметін мектепішілік бақылауға алу, мектепішілік бақылау жоспарының бөліміне, 6 тармағына өзгерістер енгізу өзіме жүктелсін.
Алтын арық мектебінің меңгерушісі: Г.Танатова